Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал енді маған жазғандарыңа тоқталайын. «Еркектердің әйелдерге жоламағаны жақсы» дейтіндерің бар екен. Ал азғындықтан сақтану үшін әр еркектің өз әйелі, әр әйелдің өз күйеуі болсын. Бәрінің өзім сияқты ұстамды, некесіз болғанын қалар едім. Бірақ әркімнің Құдай сыйлаған өз дарыны бар; біреу былай болса, біреу олай. Үйленбегендер мен жесірлердің мен сияқты салт басты болып қала бергені жақсы деймін. Ал егер өздеріне ие бола алмаса, онда үйленсін. Себебі құмарлықтың отына күйіп-жанғанша, үйленгендері жақсы.
Выбор основного перевода