Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұл — Тир туралы ауыр хабар:Зар еңіреңдер, уа, алып сауда кемелеріндегі теңізшілер! Тир қаласы талқандалып, үйлері мен айлағы ғайып болды». Кемелер Кипр аралынан жеткенде осы апат туралы біліп алды. Үндемей қайғырыңдар, уа, теңіз аралдарының тұрғындары әрі Сидон қаласының саудагерлері! Теңізбен жүзіп келетіндер сендерді байытатын. Олар терең сумен жүзіп, Мысырдағы Шихор алқабынан астық тасып әкелетін. Ніл өзенінің бойында жиналған өнімнен Тир қаласы пайда көріп, халықтардың сауда-саттық орталығына айналған еді. Ал қазір, уа, Сидон қаласы, ұятқа қаласың. Себебі теңіздегі қорған (Тир) былай дейді: «Мен ешқашан да толғатып, бала таппаған, ұл-қыз асырап та алмаған әйел іспетті жападан-жалғызбын!» Мысыр халқы да Тир туралы хабарды естігенде дірілдеп қорқатын болады. Тарсисқа барыңдар, (суық хабарды жеткізіңдер)! Уа, аралдардың тұрғындары, (Тирді жоқтап) жылаңдар! Іргесі ежелде қаланған, шаттыққа кенелген Тир қаласы осы ма? Оның адамдары алыс жерлерді кезіп жүріп, қоныстанатын. Тир қаласы патшалық салтанатқа ие болатын. Оның саудагерлері әміршілер іспетті дүние жүзінде құрметтелетін. Осы қалада сондай апат болсын деп кім ұйғарды? «Ал сендер, уа, Тир мен Сидон және філістір елінің аймақтары, Маған не істейін деп жатырсыңдар? Сендер Менен кек алғыларың келе ме? Егер солай ететін болсаңдар, Мен істегендеріңді өз бастарыңа лезде-ақ қайтарамын. Өйткені сендер Менің алтын-күмісім мен қымбат бағалы бұйымдарымды тартып алып, өз ғибадатханаларыңа апарып қойдыңдар. Сонымен қатар өз елдерінен аластатып, басқа жаққа жіберу үшін Яһуда мен Иерусалимнің адамдарын гректерге саттыңдар. Біліп қойыңдар, Мен оларды өздерің сатып жіберген елдерден жетелеп алып келемін. Ал оларға істегендеріңді өз бастарыңа түсіремін. Өздеріңнің ұл-қыздарыңды Яһуданың адамдарына сатамын, олар соларды алыста тұратын Сәба халқына сатып жібереді». — Жаратқан Ие осыны нық айтады. Жаратқан Ие мынаны да айтады: «Тир қаласының халқы көптеген зұлым істер істеп келеді. Сондықтан Мен оларға шығарған үкімімді жоймаймын. Тирліктер (Исраилдегі) елді мекендердің бүкіл халқын тұтқындап, Едом еліне сатып жіберді. Сонда олар Исраилмен жасаған өзара бауырластық келісімдерін тіпті естеріне де алмады. Сол үшін Мен Тирдің қамал қабырғаларына от жіберемін. Сол от оның бекіністі сарайларын жалмап қояды». Дамаскімен шекаралас Хамат та, Тир мен Сидон да қанша дана болғандарымен Жаратқан Иенің ауыр айыптау сөзі соларға да қарсы айтылды. Тир өзіне қорған салып, күмісті шаң-тозаңдай, алтынды даладағы саз балшықтай үйіп жинап алды. Бірақ енді Тәңір Ие оның дәулетін тартып алып, байлығын теңізге лақтырады, қалғанының бәрін от жалмайды. Мардохай болған оқиға туралы толық білгенде, қатты қайғырып киімдерінің өңірін айыра жыртты. Содан ол азалы киім киіп, басына күл шашып, дауыстап жылап қаланың ортасына барды. Ниневидің патшасы бұл туралы естігенде, ол да (күнәсіне опық жеп) тағынан түсіп, патшалық шапанын шешіп тастады да, азалы киім жамылып, күлге отырды. Содан ол Ниневи халқына патша мен оның уәзірлерінің атынан мына әмірін жариялатты:«Күллі халық ораза тұтсын! Барлық адамдар мен жануарлар, ірілі-ұсақты малдар азық пен сусыннан ауыз тимесін! Адам және жануар атаулы азалы киім мен жабу жамылсын! Әркім Құдайға қатты жалбарынып сиынсын! Бәрі де зұлым жолдарынан қайтып, қатыгез іс-әрекеттерінен бас тартсын!
Выбор основного перевода