Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Біліп қойыңдар, «Жаратқан Иенің ұлы да қорқынышты соты күні» келмес бұрын Мен сендерге Ілияс пайғамбарды жіберемін. Кейінірек шәкірттері Оған:— Сонда дін мұғалімдерінің «алдымен Ілияс пайғамбар бұ дүниеге қайтып келуге тиіс» деулері қалай? — деген сұрақ қойды. Иса:— Ілиястың қайтып келіп, бәрін қалпына келтіретіні рас. Бірақ сендерге айтамын: Ілияс келген де еді. Алайда адамдар оны танымай, оған ойына келгендерін істеді. Көктен келген Билеуші де солай олардың қолдарынан азап шегетін болады, — деп жауап берді. Сонда шәкірттері Оның шомылдыру рәсімін орындаған Жақия пайғамбар туралы айтып тұрғанын түсінді. Кейінірек шәкірттері Исаға мынадай сұрақ қойды:— Дін мұғалімдерінің «алдымен Ілияс пайғамбар дүниеге қайтып келуге тиіс» деулері қалай? — Иса: — Ілиястың алдымен келіп, бәрін қалпына келтіретіні рас. Ал көктен келген Билеушінің көп азап шегіп, қорлануға тиіс болатыны туралы Киелі жазбаларда неліктен жазылған? Бірақ сендерге шындығын айтайын: Ілияс келген де еді! Алайда ол туралы Киелі жазбаларда алдын ала айтылғандай, адамдар оған ойына келгендерін істеді, — деп жауап берді. Ілияс пайғамбарға дарыған Құдайдың Рухы мен күшіне ол да бөленіп, Иеміздің алдынан жүретін болады. Әкелерді балаларымен татуластырып, қыңыр мінезділерді әділ жандардың тура жолына бет бұрғызады. Осылайша ол халықты Иеміздің келуіне әзірлейді. — Олар:— Онда сен кімсің? (Мәсіхтен бұрын қайтып келуге тиісті) Ілияс пайғамбарсың ба? — деп сұрады. Жақия:— Жоқ, ол емеспін, — деді.— Мүмкін, сен (Мұса Құдай жібереді деген) пайғамбар шығарсың? — Жақия:— Жоқ, — деп жауап қатты.
Выбор основного перевода