Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал мұны көргенде парызшылдар Оның шәкірттеріне:— Ұстаздарың неге салықшылармен және басқа күнәкарлармен бірге тамақ ішіп отыр? — деп наразылық білдірді. Сол кездері Жақия пайғамбардың шәкірттері Исаға келіп:— Біздер де, парызшылдар да жиі ораза ұстаймыз, ал Сіздің шәкірттеріңіз неге ораза ұстамайды? — деп сұрады. Иса оларға астарлап былай деп жауап берді:— Күйеу жігіт қастарында болғанда тойға келгендер қайғыра ала ма? Бірақ та «Күйеуді» қастарынан алып кететін күн туады; сол кезде олар ораза ұстайтын болады. Салықшылар мен өзге де күнәкарлар Исаны тыңдау үшін көптеп қасына жиналатын. Бірақ парызшылдар мен дін мұғалімдері мұны көріп:— Мына кісі күнәкарларды қабылдап, солармен тіпті дастарқандас болады! — деп күңкілдесті. Мұны көріп тұрған жұрттың бәрі: «Мынау күнәкардың үйіне қонаққа барды!» — деп күңкілдесе бастады.
Выбор основного перевода