Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Тәңір Ие тағы былай деді:— Тыңдаңдар. Мен сендерді жолда қорғап, Өзім дайындаған жерге алып баратын періштені алдарыңнан жіберіп отырмын. Жар салған дауыс шығады айдалада:«Жаратқан Иеге жолды дайындаңдар!Құдайымызға арнап иен даладаТүзу қылып даңғыл жолды салыңдар! «Біліп алыңдар, Мен алдымнан хабаршымды жіберемін, ол жүретін жолымды дайындап қояды. Сендер іздеп жүрген Жасаған Ие кенеттен Өзінің ғибадатханасына келеді. Сендер аңсап жүрген Келісімнің Хабаршысы еш шүбәсіз келетін болады», — деп ескертеді Әлемнің Иесі. Бұл жөнінде пайғамбарлардың жазбаларында Құдайдың мына тәрізді сөздері алдын ала жазылған: Біліп ал, Мен хабаршымды алдыңнан жіберемін, ол жүретін жолыңды дайындап қояды. Балам, сен осылай Құдай ТағаланыңПайғамбары деп аталатын боласың,Дайындауға Иеміздің жүрер жолын: «Мен Мәсіхтің Өзі емеспін, тек Оның алдынан жіберілген хабаршысы ғанамын» деп айтқаныма сендер өздерің куәсіңдер.
Выбор основного перевода