Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұрынырақ аймақ әкімі Ирод Жақия пайғамбарды тұтқындатып, бұғаулатып, түрмеге жаптырған еді. Ирод мұны туған бауыры Філіптің әйелі Иродияға бола істеді. Өйткені бұрынырақ Ирод кісі жіберіп, Жақияны тұтқындатып, түрмеге жаптырған еді. Себебі Ирод өзінің туған бауыры Філіптен әйелі Иродияны тартып алып, соған үйленген болатын. Аймақ әкімі Ирод (Антипас) Исаның істегендерінің бәрін естіп, абыржып аң-таң болды. Себебі кейбір кісілер: «Бұл өлімнен қайта тірілген Жақия екен» десе, басқалары: «Ілияс пайғамбар жер бетіне қайтып келіпті» деді. Тағы басқалар: «Ежелде өмір сүрген өзге пайғамбарлардың бірі қайта тіріліпті», — деп болжады. Сонда Ирод: «Жақияның басын өзім шаптырған едім. Ал осы естігендерімді істеп жүрген бұл Кісі кім екен?» — деп, Оны көруге құмартты. Сол кезде Жақия әлі де түрмеге жабылмаған болатын.
Выбор основного перевода