Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірінші және жетінші күндері Маған бағышталған жиналыстарың болсын. Сол екі күнде ешқандай жұмыс істемеңдер, тек жейтін тамақтарыңды дайындауларыңа ғана болады. ал жетінші күн — Құдай Иеңе бағышталған демалыс күні. Сол күні не өзің, не ұл-қызың, не қызметшілерің, не малдарың, не қалаларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтар ешқандай жұмыс істемеңдер! Жеті күн бойы Жаратқан Иеге құрбандық-тартулар әкеліп, өртеп ұсыныңдар. Ал жетінші күні Жаратқан Иеге бағышталған жиналыс өткізіңдер. Еңбектеніп жұмыс жасамаңдар! ал жетінші күн — Құдай Иеңе бағышталған демалыс күні. Сол күні не өзің, не ұл-қызың, не қызметшілерің, не өгізің, не есегің, не басқа да малдарың, не қалаларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтар ешқандай жұмыс істемеңдер! Осылайша өзің сияқты қызметшілерің де демалсын. Сенбі күні өткеннен кейін мағдалалық Мәриям, Жақыптың шешесі Мәриям және Салома Исаның сүйегіне май жағу салтын орындай алу үшін иісмайлар сатып алды.
Выбор основного перевода