Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие жерді сілкінту үшін тағынан тұрған сол кезде Оған мойынсұнбағандар құз-шатқалдардың қуыстарына әрі жердің ой-шұқырларына қашып барып, Жаратқан Иенің қорқынышты қаһарынан, Оның айбынды ұлылығынан жасырынып қалуға тырысады. Исраилдің күнәға батқан жері — Бет-Әбендегі табыну орындары қиратылмақ. Осы биіктеу жерлердегі құрбандық үстелдерінде тікенді бұта мен ошаған қаулап өсетін болады. Сол кезде адамдар тауларға: «Бізді басып, жасырып тастаңдар!» әрі төбелерге: «Үстімізге құлап түсіңдер!» — деп жалынатын болады. Олар таулар мен құздарға жалбарынып: Үстімізге құлап түсіп, бізді тақта Отырғанның көзінен таса қылып, Тоқтының қаһарынан жасыра көріңдер! Осы бес ай ішінде адамдар өлгілері келсе де, өле алмайды. Олар өлуді қаншама аңсағанмен, ажал олардан безіп кететін болады.
Выбор основного перевода