Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Пилат басты діни қызметкерлер мен жиналған халыққа:— Мен бұл Адамнан ешқандай кінә таппай тұрмын, — деді. оларға былай деп шешімін айтты:— Мына Адамды халықты бүлдіріп жүр деп, маған алып келдіңіздер. Міне, мен Оны алдарыңызда тергеп, бұл Адамнан сіздер айыптайтындай ешқандай кінә таппадым! Пилат оларға үшінші рет:— Сонда Ол қандай қылмыс жасады? Мен Одан өлім жазасына кесетіндей ешқандай кінә таппай тұрмын. Сондықтан Оған дүремен сабақ беріп, босатып жіберемін, — деді. Бастарынан кешкендерінде мына тауып айтылған мақал-мәтел жүзеге асады:«Төбет қайта оралар өзінің құсығына»,«Жуылған шошқа қайтар аунайтын батпағына». Тәңір Ие біздің күнәларымызды ешқашан күнә жасамаған Мәсіхке артты. Онымен тығыз байланысқан біз осы арқылы Құдайдың алдында ақталдық. Бізге дәл сондай Бас діни қызметкер қажет: қасиетті де кінәратсыз, кіршіксіз таза Ол, күнәкарлардан аластатылып, аспаннан да жоғары, Құдайдың қасына, көтерілді.
Выбор основного перевода