Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Енді ештеңе істей алмайтынын, керісінше, халықтың толқуы өршіп бара жатқанын көрген Пилат су алдырып, жұрт алдында қолын жуып тұрып:— Мына (әділ) Адамның төгілетін қанына мен кінәлі емеспін. Бұл — сендердің істерің! — деді. Пилат:— Сонда Ол қандай қылмыс жасады? — деп сұрады. Бірақ олар:— Айқышқа шегеленсін! — деп бұрынғыдан бетер шулап кетті. Сонда олар Оны айыптай бастап былай деді:— Біз мына Кісінің халқымызды бүлдіріп жүргенін тексеріп, анықтадық. Ол Рим патшасына салық төлемеңдер деп үгіттеп, Өзін Мәсіхпін, яғни Патшамын, деп жүр! — Пилат басты діни қызметкерлер мен жиналған халыққа:— Мен бұл Адамнан ешқандай кінә таппай тұрмын, — деді. Пилат Исадан:— Шындық деген не? — деп сұрады. Осыны айтты да, тағы да сарайынан шығып, яһуди басшыларына барды. Оларға тіл қатып былай деді:— Мен Одан ешқандай кінә таппай тұрмын! Пилат қайтадан сыртқа шығып, яһуди басшыларына:— Қараңдар, мен Оны сендерге әкеле жатырмын: Одан ешқандай кінә таппай тұрмын, соны біліңдер! — деді.
Выбор основного перевода