Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ол су жағасындағы ағашқа ұқсайды:Сол мерзімінде жемісін береді,Жапырақтары кеуіп те сембейді,Не істесе де, ол табысқа жетеді. Сол жабайы аймаққа былай де: Жаратқан Иенің сөзін тыңда! Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Мен саған от тұтатпақпын! От өзіңдегі барлық ағашты: жасылын да, қурағанын да жалмап қояды. Лаулаған жалыны өшпейді. Оның қызуынан оңтүстік пен солтүстіктің аралығындағының бәрінің бет-жүздері күйіп қалады. Осылай Тәңір Иенің ең алдымен өз халқын соттай бастайтын уақыты келді. Ал сот бізден басталса, онда Құдайдың Ізгі хабарына бағынбайтындардың ақыры қандай болмақ! Осындайлар достық дастарқандарыңа еш қаймықпастан келіп, тойынып алып, сендерді лас дақтар сияқты ұятқа қалдырады. Мұндай адамдар жаман шопандай тек өз қамдарын ғана ойлайды. Олар жел айдаған жаңбырсыз ақша бұлт іспетті, әрі күзде жеміс бермейтін, тамырымен жұлынған, біржола өлген ағаш секілді ешбір пайда келтірмейді.
Выбор основного перевода