Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Олар көңілдері жайланып тым жақсы отырған кезде, қаланың азғын-сұмырайлары жиналып, сол үйді қоршап, есігін тоқпақтай берді. Үй иесі қариядан олар:— Үйіңе түскен кісіні бері алып шық, онымен жақындасып көрейік! — деп талап етті. Енді Гибеядағы сол сұмырайларды өлтіру үшін бізге ұстап беріңдер! Солай Исраилді бұл сұмдықтан тазартайық», — деген хабарды жіберді.Бірақ Бунямин руының адамдары ағайынды исраилдіктердің айтқандарына құлақ асқан жоқ. Өздерің мүлдем бас тартып, опасыздық жасаған Жаратқан Иеге енді қайтып келіңдер, уа, Исраил халқы! Гибеяда керней тартып, Рамақта да дабыл қағыңдар! Бет-Әбенде: «Уа, Бунямин руы, саған ереміз!» деп атой салыңдар! Бірақ олардың істеген барлық зұлым іс-әрекеттерін есімде сақтайтынымды өздері ойламайды. Жаман қылықтары халықты қоршап алған, солары Менің көз алдымда. Халық Маған арнап малдарын құрбандыққа шалып, етін жесе де, Мен, Жаратқан Ие, соларына риза емеспін. Қайта, Мен халқымның істеген зұлымдықтарын есіме алып, оларды күнәлары үшін жазалаймын: халқым өздері бұрын құл болған Мысырға қайта оралатын болады! «Уа, Исраил! Сен Гибеяда азғындыққа батқан кезіңнен бастап күнә жасап келесің! Қазір де дәл сол қалыптасың. Гибеяда зұлымдық жасаған сол адамдарды соғыс баудай түсірді емес пе?
Выбор основного перевода