Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Моабтық қыз-келіншектер Арнон өзенінің жағалауында тентіреп, ұясынан лақтырып тасталған құстардай абыржып, әрлі-берлі жүре береді. Діни қызметкерлер көбейген сайын олар Маған қарсы күнә жасауларын да көбейте түседі. Мен олардың салтанаттарын масқарамен алмастырамын. Уа, Жаратқан Ие, өз халқыңа нені беруіңді тілейін? Олардың әйелдерін бала туа алмайтын, бала туа қалса, сүті болмай, емізе алмайтын қыла гөр! Самарияның тұрғындары Бет-Әбенде орналасқан жас бұқа мүсіні туралы уайымдайтын болады. Бүкіл халық оны жоқтап қайғырып, осы жалған тәңірдің діни қызметкерлері оның бұрынғы салтанатын ойлап еңіреп жылайтын болады. Себебі сол мүсін де жау еліне әкетіледі.
Выбор основного перевода