Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Ей, мұндай озбырлық жасайтындар, Құдай сендерді жауапқа тартып, алыс елдерден апат жіберген кезде не істемексіңдер? Көмек сұрап кімге жүгіріп, мақтан тұтқан байлықтарың мен беделдеріңді қайда қалдырмақсыңдар? Себебі Жаратқан Ие Өзінің зұлымдарға тиісті жазаларын тартқызатын күнін жоспарлады. Ол Едомға оның Сион халқына көрсеткен зорлық-зомбылығын қайтаратын уақытын белгіледі. Сол тәңірсымақтар түкке тұрғысыз, әжуаға қалатын нәрселер. Сотталу уақыты келгенде олардың барлығы құрып кетеді. Мен халқымды өз еліне қайтармас бұрын, оны жасаған ауыр күнәлары үшін екі есе қатты жазалаймын. Себебі олар Менің өздеріне табыстаған елімді жалған тәңірлерінің өлі де жексұрын мүсіндерімен арамдап, жерімді сол жиренішті нәрселерімен толтырып тастады. Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: (Мен көрсеткен) аянды көрмей, өз қиялдарына еріп жүрген ақымақ пайғамбарсымақтар қасіретке қалады! Егер бір пайғамбар оларға бәрібір пайғамбарлық сөз айтуға көндірілсе, онда бұл Менің оны еліктіргенімнен болады. Мен ондай пайғамбарға қарсы қолымды созып, оны халқым Исраилдің арасынан жоямын. Сол ақыл сұрағандар зұлым істерінің кінәсін өз мойындарымен көтереді. Олардың жазасы сол пайғамбардың жазасымен бірдей болмақ. «Мынаны тыңдаңдар, уа, діни қызметкерлер! Құлақ салыңдар, уа, Исраилдің билеушілері, мұқият тыңдаңдар, патшаның әулеті! Сендерге үкім шығарылады. Өйткені Миспа мен Табордағы табыну орындарында халықты тұзақ пен торға түсірдіңдер. Олардың ең жақсысы тікенді бұтадай, ең әділдеуі қаулап өскен тікенекті қоршаудай. Бірақ олардың күзетшілері — пайғамбарлары алдын ала айтып кеткен сот күні таяп қалды. Сонда олар абыржып, не істерін білмейді.
Выбор основного перевода