Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Басшыларың — Құдайға қарсы шыққан бүлікшілер, ұры-қарақшылардың сыбайластары! Бәрі де пара алғанды ұнатып, сый-сияпат дәметушілер. Олар жетімдердің мүдделерін қорғамайды, жесірлердің өтініштеріне құлақ та салмайды. Сонда халықпен қалай болса, діни қызметкерлермен де солай болады. Мен олардың екеуін де жүрген жолдарына бола жазалап, істеп келген істерінің есесін қайтарамын». Бірақ олардың істеген барлық зұлым іс-әрекеттерін есімде сақтайтынымды өздері ойламайды. Жаман қылықтары халықты қоршап алған, солары Менің көз алдымда. Жаратқан Ие Яһуданы да айыптамақ. Ол Жақыптың үрім-бұтағын жүрген жолдары үшін жазалап, істеген істерінің есесін қайтармақ. Ғилақадтың халқы зұлымдық жасаса, олар құрып кетеді. Ғылғалда да халық құрбандыққа мүйізді ірі қара мал шалып келеді. Расында олардың құрбандық үстелдері өңделіп жыртылған егістіктің шетіндегі тас үйінділері сияқты тізіліп тұр.
Выбор основного перевода