Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
(Естеріңнен шығармаңдар:) Жерді мүлдем қайтарылмайтындай етіп біржола сатып жіберуге болмайды, себебі елдің жері Менікі, ал өздерің Менің қасымда қоныстанушы жат жұрттық кірме іспеттісіңдер. Мен сендерге: «Енді бұдан былай бұл жолды ешқашан да қайтып көрмейсіңдер!» деген едім, бірақ Жаратқан Ие сендерді кемемен дәл сол жаққа: Мысыр еліне қайтадан жібереді. Сол жерде дұшпандарыңа құл не күң ретінде сатылмақ болсаңдар да, сендерді сатып алатын ешкім болмайды. Содан үлкенді-кішілі барлық исраилдіктер әрі жасақшылардың басшылары бабылдықтардың жазасынан қорқып, Мысырға қашып кетті. Мен сендерді мол өнімінің қызығын көрулерің үшін осы шұрайлы елге алып келдім. Бірақ сендер бұл елімді күнәларыңмен арамдадыңдар! Менің өздеріңе тапсырған меншікті жерімді жиренішті еттіңдер! Олар, сондай-ақ, бабылдық әмірші Набузар-Адан Ахиқам ұлы Ғодалияхтың қасына қалдырған халықты: барлық ер адамдар мен әйелдерді, балалар мен патшаның қыздарын және Еремия пайғамбар мен Нириях ұлы Барухты да өздеріне ілестіріп әкетті. Жаратқан Ие соған қоса тағы былай деді: — Мен Исраил халқын басқа халықтардың арасына қуып жібергеннен кейін, олар сонда осындай арам тамақтарды жейтін болады! — Сондықтан Ефрем халқы көгершін сияқты аңғал да санасыз болып қалды. Олар біресе Мысырды шақырып, біресе Ассурға барып, қолдау сұрайды. Халық Маған арнап малдарын құрбандыққа шалып, етін жесе де, Мен, Жаратқан Ие, соларына риза емеспін. Қайта, Мен халқымның істеген зұлымдықтарын есіме алып, оларды күнәлары үшін жазалаймын: халқым өздері бұрын құл болған Мысырға қайта оралатын болады!
Выбор основного перевода