Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Ассурдың талқандауынан бас сауғалап қашсаңдар да, сендерді Мысыр патшалығы жинап алып, құртады. Мәйіттерің сондағы Мемфис қаласында жерленбек. Күмістен жасалған бағалы заттарыңды арам шөп басып, шатырларыңда тікенек қаулап өсіп кететін болады. Ефрем халқы қатты соққы жеді. Тамырлары қурап қалған, олар енді жеміс бермейді. Бала туа қалған күнде де, Мен олардың құрсақтан шыққан қымбат нәрестелерін өлтіремін». Содан соң Исраил халқы: «Біз Жаратқан Иені құрметтемеген едік, содан біздің патшамыз жоқ. Бірақ патшамыз болған күнде де, ол біз үшін не істей алар еді?» — дейтін болады. Орасан зор зұлымдығың үшін саған да дәл осы нәрсе істелінеді, уа, Бетел қаласы! Сол себепті Мен ашуланып тұрып, сендерге бір патшаны тағайындадым. Ал кейін қаһарланып, оны сендерден алып тастадым.
Выбор основного перевода