Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Арамза өткінші өнім жинайды.Әділдік сепкеннің сыйы тозбайды. Мен шөлдеген жерді суға кенелтіп, кеуіп қалған далаға суды тасқындатып ағызамын. Ұрпақтарыңның үстіне Рухымды құйып, оларға жарылқауымды жаудыра беремін. Аспаннан әділдік жауып, жерден құтқарылу шығып, екеуі де бірге өсіп-өне берсін! Мен, Жасаған Ие, бұларды жараттым». Әлі кеш болмай тұрғанда Жаратқан Иеге бет бұрып, мойынсұныңдар! Иеміз құлақ салуға дайын тұрған осы кезде Оған сиынып жалбарыныңдар! Жаратқан Ие Яһуда мен Иерусалимнің адамдарына мынаны да айтады:— Жүректерің тікенек басқан тың жер сияқты қатайып кеткен. Тың жерлеріңді жыртыңдар! Тікенек арасына тұқым сеуіп ысыраптамаңдар! Ендеше Жаратқан Иені мойындап, Оны жақыннан танып білуге жан сала ұмтылайық! Ертеңгісін таң атпай қоймайтынындай, Жаратқан Иенің келуі де сондай шүбәсіз. Ол бізге игілікті нөсердей, жерді суға қандыратын көктемгі жаңбырдай сөзсіз келетін болады». Өзің де Құдайға қайта оралып, берік сүйіспеншілік пен әділдікті сақта! Әрқашан өз Құдайыңа үмітіңді арт!
Выбор основного перевода