Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Адамдарды басымызға шығардың,Оттан да, судан да бізді өткіздің,Ал ақыры молшылыққа жеткіздің. Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, тағы мынаны айтады: Мен барлық осы халықтардың мойнына темір мойынтұрық кигізіп, оларды Бабыл патшасы Набуходоносорға басыбайлы қызмет етуге мәжбүрледім. Содан олар оған сөзсіз қызмет ететін болады! Мен тіпті даланың жабайы аңдарын да оған бағынышты етемін. Мен Ефремнің қайғырып былай дегенін естідім:— Сен мені жазалап тәрбиеледің. (Солай істегенің дұрыс та еді, себебі) мен мойынтұрыққа үйренбеген тайыншадай қыңыр болатынмын. Мені тағы Өзіңе қайтарып ала гөр! Өйткені Сен менің Құдайым Жаратқан Иемсің. Ей, бабылдықтар, сендер Менің меншікті халқымды талан-таражға салдыңдар. Соған мәз болып, астық бастырып, бидайға тойып алған қашардай секіректеп, айғырдай кісінеп жатырсыңдар. Исраил иесіне көнбейтін қыңыр сиыр сияқты болып келеді. Жуырда Жаратқан Ие халықты тоқтылар іспетті кең-байтақ далада жайылуға еркіне жібере ме?
Выбор основного перевода