Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Алайда перғауынның қорғанышы оларға ұят келтірмек, Мысырдың саясын паналау оларды масқараға ұшыратпақ. Бірақ олар тыңдаған да жоқ, сөздеріме мән де берген жоқ. Керісінше, қыңырланып зұлым ой-ниеттерін іске асырып жүрді. Олар алға жүрудің орнына кері кетті. Діни қызметкерлер көбейген сайын олар Маған қарсы күнә жасауларын да көбейте түседі. Мен олардың салтанаттарын масқарамен алмастырамын. Ефрем өз ауруын, Яһуда да өз жарасын байқап қалғанда, Ефрем Ассур еліне бет бұрып, оның ұлы патшасына елшілерін жіберді. Бірақ ол сендерді сауықтырып, жараларыңды жаза алмайды. Маған қайта оралудан бас тартқан соң, халық енді Мысыр еліне қайта оралмай ма? Ассур оларға патшалық құрмай ма? Сол кезде олардың қалаларында семсерлер жарқылдап, қақпаларының ысырмаларын сындырады. Зұлым ой-ниеттері үшін оларды жалмап құртады.
Выбор основного перевода