Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Табынуға арналған тас бағаналар да орнатпаңдар! Құдай Иеміз сондай нәрселерді жек көреді. Бізді Мысырдан жүзім бұтасындай әкелдің,Басқа ұлттарды елден қуып шығардың,Солардың орнына бізді отырғыздың. Ол үшін тазартып, өңдедің жерді,Сол «бұта» тамыр жайып, толтырды елді, Оның көлеңкесі тауларды жапты,Сабақтары зор самырсындарды басты. Бұтақтары созылды теңізге дейін,Өркендері — Евфрат өзеніне дейін. Сені жемісі құнды асыл тұқымды жүзім бұтасы деп отырғызған едім. Қалайша енді бөгде жүзім бұтасының жабайы сабақтары болып шыға келдің?! «Ей, Яһуда халқы, сендерде қанша қала болса, сонша жалған тәңір бар! Иерусалимде қанша көше болса, сендер сол масқара тәңірсымақ Бағалға арнап сонша құрбандық үстелдерін тұрғыздыңдар! Иә, солардың үстінде Бағалға хош иісті зат түтетіп, құрбандықтар өртеп ұсынасыңдар!» Кейін Жаратқан Ие маған тағы да сөзін арнап былай деді: «Ей, пендем, ормандағы ағаштардың бұтақтарына қарағанда жүзім бұтасының бұтақтары пайдалырақ па? Жүзім бұтасының ағашын бір нәрсе жасауға пайдалана ма? Одан ең болмағанда заттарды іліп қоюға болатын ілгіш жасауға бола ма? Жоқ, оны отын ретінде ғана пайдаланады. Алайда оны отқа тастағанда, лезде-ақ екі шеті жанып, ортасы күйіп кетеді. Бұдан кейін ол пайдаға аса ма? Ол тұтас күйінде пайдаға аспағанда, отқа өртеніп, күйіп кеткен соң оның пайдасы қандай болмақ?!» Мен сол жермен өтіп бара жатып, үстің қан-қан күйіңде аяқ-қолдарыңды ербеңдетіп жатқан бейшара халіңді көрдім. «Өмір сүр!» деп сені бауырыма бастым. Саған даладағы өсімдіктей өсіп-өнуге жағдай жасадым. Сен өсіп, үлкейіп, керемет сұлу болдың. Қос анарың толысып, шаштарың өсіп, бой жеттің, алайда әлі де киімсіз жалаңаш едің. Мен кейінірек қасыңнан өтіп бара жатқанымда, сені байқап, махаббатқа дайын екеніңді көрдім. Жамылғымның шетін үстіңе жауып, жалаңаш денеңді қымтап, мұныммен өзіңе үйленуге уәде бердім. Яғни саған ант беріп сенімен Келісім жасадым. Осылай сен Мендік болдың, — дейді Жаратушы Тәңір Ие. Сені шомылдырып, қаныңды жуып тазартып, денеңе хош иісті май жақтым. Үстіңе кестелі көйлек, аяғыңа былғары аяқкиім кигіздім, тағы ақ бәтес киім де кигізіп, жібек шапан жаптым. Саған қымбат әшекейлер сыйлап, қолыңа білезік тағып, мойныңа алқа салдым. Мұрныңа сақина, құлағыңа дөңгелек сырға тағып, басыңа әдемі тәж кигіздім. Осылайша сен алтын-күміс әшекейлер тағып, ақ бәтес пен басқа да қымбат матадан кестеленіп әдемі тігілген киім кидің. Ішетін тағамдарың таңдаулы ұннан, бал мен зәйтүн майынан дайындалатын еді. Сен патшайым болуға лайықты асқан сұлу болып өстің. Менің саған берген салтанатым көркіңді кемеліне келтіріп, сол туралы даңқың халықтардың арасына кең жайылды», — дейді Жаратушы Тәңір Ие. Оларға тағы былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Мен Исраилді ежелде таңдап алған күні салтанатты түрде Жақыптың үрім-бұтағына серт бердім. Оларға Өзімді Мысырда аян еткенімде: «Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін!» деп салтанатты түрде ант еттім. Сол күні Мен оларға өздерін Мысырдан бастап алып шығып, елдердің ішіндегі ең көріктісі — ағы мен балы ағыл-тегіл елге әкелуге уәде бердім. Сол елді Мен Өзім олар үшін қарап таңдап алған едім. Бұл мына жайтты білдіреді: исраилдіктер ұзақ уақыт бойы өз патшасы мен әміршісінен ада болып, құрбандықсыз, бөтен тәңірге бағышталған тас бағанасыз, діни қызметкер киетін жеңсіз сырт киімсіз және жалған тәңірлердің бейнелерінсіз тұратын болады. Ефрем халқы күнәнің құнын өтейтін құрбандықтар ұсынылатын үстелдерді көптеп орнатты, бірақ олары, керісінше, нағыз күнә жасайтын орындар болып кетті!
Выбор основного перевода