Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7
Параллельные места
Құрбандықтар мен сый-тартуларды қаламадың,Бірақ маған Өзіңе құлақ салғыздың.Шалып, өртелетін не күнәнің құнынӨтейтін құрбандықтарды талап қылмадың. Сонда мен былай дедім: «Міне, келе жатырмын,Шиыршық кітапта мен туралы жазылған: Құрбандық шалуымды қаламай тұрсың,Өртеу құрбандығын да ұнатпай тұрсың,Әйтпесе оларды ұсынар да едім. Ал Құдайға ұнамды сый, құрбандық —Күнәсіне шынымен өкінген рух.Шын опық жеп, бағынған жүрекке СенТеріс қарамайсың, уа, Құдай Ием. Себебі Киелі Құдай деп аталған, мәңгі тірі дәріптелген Алла Тағала мынаны да айтады: «Мен көктегі киелі мекенімде тұрамын. Сондай-ақ күйреп, күнәсіне шын көңілден өкінген кішіпейіл жанның қасында да боламын. Оны қайтадан рухтандырып, жаралы жүрегін сауықтырамын. Ұсақ және ірі қара малдарын айдап әкеліп, құрбандыққа шалып, Жаратқан Иеге қаншама дұға етсе де, Оны таба алмайды. Себебі Ол солардан алшақтап кетті. Мен өздеріңнен құрбандық шалғандарыңнан гөрі берік мейірімділік көрсеткендеріңді қалаймын, құрбандықтардың етін өртеп ұсынғандарыңнан гөрі Мені, Құдайды, жақыннан танып сүйгендеріңді ұнатамын. Сендер Жаратқан Иенің: «Мен құрбандық шалғандарыңнан гөрі берік мейірімділік көрсеткендеріңді қалаймын» деген сөзінің мағынасын ұғынып алыңдар! Мен «әділдерді» емес, күнәкарларды (теріс жолдан қайтуға) шақыру үшін келдім. Өйткені құрбанға шалынған бұқалар мен қошқарлардың қаны адамның күнәсін толығымен алып тастай алмайды.
Выбор основного перевода