Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7
Параллельные места
Бұл оның жасаған күнәлары үшін осылай болды, себебі ол да Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеп Еробоғамның теріс жолымен жүріп, оның жасаған күнәларына Исраил халқын да еліктірген еді. Зімридің қалған іс-әрекеттері, соның ішінде оның жасаған қастандығы жайлы «Исраил патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған. Алайда Омри Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеп, өзінен бұрын болған барлық патшалардан бетер күнәға батты. Омри Набат ұлы Еробоғамның теріс жолымен толығымен жүріп, Исраил халқын да түкке тұрғысыз тәңірсымақтарға табынып, күнә жасауға еліктірді. Осындай опасыздық жасауларымен халық Исраилдің Құдайы Жаратқан Иенің қаһарын туғызды. Омридың қалған іс-әрекеттері және көрсеткен қажыр-қайраты жайлы «Исраил патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған. Ақыры Омри көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгенде, мәйіті Самариядағы қабірге қойылды. Оның ұлы Ахаб әкесінің орнын басып патша болды. Асаның Яһудаға патшалық құрған отыз сегізінші жылы Омри ұлы Ахаб Солтүстік Исраилдің патшасы болды. Ол Самария қаласында жиырма екі жыл бойы билік құрды. Ахаб патшаның Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істей беруі өзінен бұрын өткен патшалардың қай-қайсысынан да жаман болды. Ахабтың Еробоғам патша сияқты күнәға батқаны былай тұрсын, ол Сидон патшасы Етбағалдың қызы Езабелге үйленіп, жалған тәңір Бағалға құлшылық етіп, оған бас ұра табынып кетті. Ахаб Самарияда Бағалға бағыштап ғибадатхана салып, құрбандық ұсыну үстелін тұрғызды. Бұған қоса Ахаб жалған тәңір Ашераға арнап ағаш бағаналар да жасатып, орнатты. Осылайша Ахаб өзінен бұрын Исраилдің патшасы болғандардың қай-қайсысынан бетер Исраилдің Құдайы Жаратқан Иенің ерен қаһарын туғызды. Біздің аталарымыз опасыздық жасап, Құдайымыз Жаратқан Иеден бас тартып, Оған жек көрінішті істер істеді. Олар Жаратқан Иенің жер бетіндегі тұрағынан беттерін бұрып, безіп кетті. Бірақ олар тыңдаған да жоқ, сөздеріме мән де берген жоқ. Керісінше, қыңырланып зұлым ой-ниеттерін іске асырып жүрді. Олар алға жүрудің орнына кері кетті. Мен бұл қаланы қиратып, келекеге қалдырамын. Өткен-кеткен адамдардың бәрі қаланы көргеннен аңтарыла жандары түршігіп, оның соққы жеп қатты жарақаттанғанына қарап мұрындарын шүйіріп ысқыратын болады. Иә, Мен оларды семсер, ашаршылық және індетпен соңдарынан қалмай қуып, бүкіл жер бетіндегі патшалықтарға қорқынышты көрініс етемін. Оларды Өзім қуып жіберген барлық халықтардың арасында бәрі қарғап, жандары түршігіп ысқырып, келекелеп масқаралайтын болады. — Біз масқара болып отырмыз! Шетелдік басқыншылар Жаратқан Иенің киелі үйіндегі қасиетті бөлмелерге кіріп қойды. Біз қара бет болдық! — (деп халық қайғыруда.)
Выбор основного перевода