Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7
Параллельные места
елшілерін жіберіп, Беғор ұлы Балағамды өзіне шақыртты. Балағам Евфрат өзенінің бойындағы Петор деген туған жерінде тұрып жатты. Патша Балағамға мынадай сәлем жіберді: «Мысырдан бір халық көшіп шығып, жер бетін қаптап кетті. Олар енді қасымызға қоныстанып жатыр. Өтінемін, келіп, сол халықты қарғап беріңіз. Олар бізден сондай қуатты! Мүмкін, осылай оларды күйретіп, елден қуып шыға алармын. Себебі сіз кімге бата берсеңіз, соның жарылқанатынын, ал кімді қарғасаңыз, соның қарғысқа ұшырайтынын білеміз». Енді Балағам нақыл сөзін айтып былай деді:— Балақ мені шақырды Арама аймағынан,Моаб патшасы алдыртты шығыс тауларынан:«Келіп, Жақыптың ұрпағын қарғап беріңіз, — Деп, — Исраил халқын лағынеттеп кетіңіз!» Құдай қарғамағанды мен қалайша қарғаймын?Жаратқан айып тақпағанға мен қалай тағамын? Ал Исраилдің көші Шиттим деген жерде тұрған кезде, халық моабтық қыздармен азғындық жасай бастады. Осылай халық бірінші айдың оныншы күні Иордан өзенін кесіп өтті. Олар Иерихон қаласының шығыс жағындағы Ғылғалда тоқтап, қостарын тікті. Сол кезде Жаратқан Ие Ешуаға: «Бүгін мен Мысырдың масқарасын сендерден (ірі тастай) домалатып алып тастадым», — деді. Сол себепті бұл жер күні бүгінге дейін Ғылғал (яғни «Домалату») деп аталады. Исраилдіктер Ғылғалда, Иерихонның маңындағы жазықта, қала тұрды. Сол айдың он төртінші күнінің кешінде олар (халықтың Мысырдан құтқарылғанын еске алатын) Құтқарылу мейрамын қарсылап, арнайы құрбандық шалды. Суатта ән-жыр айтқандарға құлақ асыңдар,Жаратқанның әділ істерін мадақтаңдар!Исраил өз диқандарының ерлігін мақтар.Жаратқанның халқы қала қақпасына барды: Әлде сіздер Моаб патшасы Сипор ұлы Балақтан артықсыздар ма? Оның Исраилмен осы жер туралы дауласып, соғысқан кезі болды ма? Ал енді, осы жерде тұра тұрыңдар. Мен Жаратқан Иенің алдында Оның сендерге және ата-бабаларыңа жасаған барлық әділ істерін естеріңе салып, дәлел келтірейін. Алайда саған айтар біраз наразылығым мынау: араларыңда Балағамның ілімін ұстанушылар бар. Сол көріпкел ежелде Исраилге қарсы шыққан Балаққа халықты күнәға азғыруды үйреткен: оларға жалған тәңірлерге шалынған құрбандықтардың етін жегізді әрі азғындық жасатты.
Выбор основного перевода