Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7
Параллельные места
Егістіктеріңе мол тұқым сепсеңдер де, шегіртке жайпап кететіндіктен өнімдерің аз болмақ. Жүзімдіктер отырғызып, өңдеп баптасаңдар да, құрт жалмап қоймайтындықтан олардан жиналатын жүзім болмай, шырынын іше алмайсыңдар. Бүкіл елдеріңде зәйтүн ағаштары өсіп тұрса да, жемісінің бәрі мерзімінен бұрын түсіп қалатындықтан, қолданатын зәйтүн майларың болмайды. Халқым бидай егіп, ошаған орады. Аянбай еңбек етіп, онысынан пайда көрмейді. Жаратқан Иенің қаһары оларға қарсы лаулағандықтан, алған өнімдерінен масқара болады. Сендер көп еккенмен аз жинайсыңдар, тамақ жегенмен қарындарың тоймайды, сусын ішкенмен шөлдерің қанбайды, киім кигенмен жылынбайсыңдар, жалақы алғанмен оларың тесік қалтаға кетіп жатқандай болады». Ал шынында олардың бар дәулеті тоналып, үйлері қирап, қаңырап бос қалмақ. Олар үй салып, онда тұра алмайтын, жүзімдік отырғызып, оның шырынын іше алмайтын болады».
Выбор основного перевода