Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда ол саусағын қанға малып алып, оны Жаратқан Иенің алдында, ең қасиетті бөлмені бөліп тұрған шымылдықтың алдында жерге жеті рет бүркіп шашсын. Бұдан кейін діни қызметкер кездесу шатырында Жаратқан Иенің алдында тұрған хош иісті заттарды түтету үстелінің мүйіз тәрізді шошақтарына біраз қанды жақсын. Ал қалған қанды кездесу шатырының кіреберісінің қасындағы шалынған құрбандықтар өртелетін үстелдің түбіне төксін. Мұса бұқаны шалып, оның біраз қанын саусағымен құрбандық үстелінің мүйіз тәрізді шошақтарына жағып, осы арқылы құрбандық үстеліне тазарту рәсімін жасады. Қанның қалған бөлігін Мұса құрбандық үстелінің түбіне төгіп, үстелді күнәнің арамдығынан тазартып, оны Жаратқан Иеге бағыштады. Содан соң Һарон түгелдей өртелетін құрбандықты шалды. Һаронның ұлдары оған құрбандықтың қанын алып келіп, ол соны құрбандық үстеліне барлық жақтарынан бүрікті. Олар бұқа мен қошқардың майлы бөліктерін, яғни майлы құйрықтарын, шарбы майын, бүйректерін және бауырдың көк етін,
Выбор основного перевода