Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Һаронға және оның ұлдарына мынаны жеткіз: Исраил халқына былай деп бата беріңдер: Жаратқан Ие сені жарылқап аман сақтай көрсін, Жаратқан Ие саған бетінің нұрын төгіп рақымды бола көрсін, Жаратқан Ие саған бет-жүзін бұрып тыныштық сыйлай көрсін! Осылайша Һарон мен оның ұлдары Исраил халқына Менің есімімді атап бата бергенде, Мен Өзім оларды жарылқайтын боламын». Сонда леуілік діни қызметкерлер алға шықсын. Себебі Құдайларың Жаратқан Ие Өзіне қызмет етіп, өз атынан бата беріп, әрбір дау мен шабуыл жайлы үкім шығаруға оларды таңдап алған. Мұнан соң Мәсіх сенушілерді қаладан шығарып, Бетанияның маңына ертіп барды. Сол жерде қолын жайып оларға батасын берді.
Выбор основного перевода