Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Һаронды және оның ұлдарын Менің қызметіме бағыштау үшін мыналарды орындауға тиіссің:Еш мінсіз бір жас бұқа мен екі қошқарды дайындап қойғыз. Егер адамның шалынып, түгелдей өртелетін құрбандығы ұсақ мал: қой не ешкі болса, онда еш мінсіз, еркек жынысты бір малды алып келсін. Егер Құдай тағайындаған діни қызметкер күнә жасап қойған болса, ол мұнысы арқылы бүкіл халықты да айыпты етеді. Діни қызметкер жасаған күнәсінің құнын өтейтін құрбандық ретінде Жаратқан Иеге арнап мінсіз бір жас бұқаны алып келсін. Мұнан кейін Мұса түгелдей өртелетін құрбандыққа бір қошқарды әкелдірді. Һарон мен оның ұлдары қошқардың басына қолдарын қойды.
Выбор основного перевода