Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Тұрақты түрде күн сайын құрбандық үстелінің үстінде өртеліп ұсынылатындар мыналар: бір жастағы екі тоқты; біреуі таңертең, екіншісі кешке шалынып, өртеліп ұсынылсын. Егер біреу Жаратқан Иеге астық тартуын ұсынса, онысын таңдаулы бидай ұнынан жасап, соған зәйтүн майын құйып, үстіне хош иісті шайырды қойсын. Ол бұларды діни қызмет атқарушы Һаронның ұлдарының біреуіне алып барсын. Діни қызметкер май құйылған ұнның бір уысын және барлық хош иісті шайырды алып, естелік бөлігі ретінде құрбандық үстелінде түтетіп өртеп жіберсін. Бұл — Жаратқан Иеге өртелу арқылы ұсынылған хош иісті де ұнамды тарту. Һаронның ұлдары осы бөліктерді құрбандық үстелінде жанып жатқан отынның үстінде түгелдей өртелетін тартумен бірге түтетіп өртеп жіберсін. Бұл — Жаратқан Иеге өртелу арқылы ұсынылған хош иісті де ұнамды тарту.
Выбор основного перевода