Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Жаратқан Иенің періштесі қолындағы таяғының ұшын ет пен нанға тигізді. Лезде тастан от лап етіп шықты да, ет пен нанды жалмап қойды. Ал періште Гедеонның көзіне көрінбей қалды. Сонда аспаннан Жаратқан Иенің оты түсіп, құрбандықты, отынды, тастар мен топырақты жалмап өртеп, арықтағы суды да құрғатып жіберді. Тұрған халық мұны көргенде етпеттерінен жерге жығыла кетіп: «Жаратқан Ие — Құдай! Жаратқан Ие — Құдай!» — деп айқайлай берді. Дәуіт сол орында Жаратқан Иеге арнап құрбандық үстелін тұрғызып, малдарды құрбандыққа шалып, түгелдей өртеп жіберді. Ол Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылық білдіретін құрбандықтарын да ұсынып, Оған дауыстап сиынды. Жаратқан Ие үстелдегі түгелдей өртелетін құрбандыққа аспаннан от түсіріп Дәуітке жауабын берді. Олар кезек-кезек Жаратқан Иені мадақтап, Оған шүкірлік айтып ән салды:«Жаратқан Ие ізгі, Оның ИсраилгеДеген рақымы ұласады мәңгілікке!»Бүкіл халық Жаратқан Иені қатты дауыспен мадақтап оларға жауап беріп отырды. Себебі Жаратқан Иенің киелі үйінің негізі қаланған еді.
Выбор основного перевода