Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Менің атыммен өтірік ант беріп, Құдайларыңның есімін қорламаңдар! Мен Жаратқан Иемін. Егер біреудің не мүйізді ірі қарасының, не ұсақ малының адасып жүргенін көрсең, оны көрмегенсіме! Малын жетелеп иесіне алып бар! Егер иесі өзіңнен алыс тұрса немесе малдың кімдікі екенін білмесең, оны үйіңе алып кел. Иесі іздеп келгенше жоғалған мал үйіңде тұра тұрсын. Ал іздеп келгенде қайтар. Біреудің жоғалған есегін, жамылғысын не кез келген басқа дүниесін тауып алғанда да, осылай істе. Оған немқұрайды қараушы болма! Әлемнің Иесі былай дейді:— Мен осы қарғысты ұрылардың және Менің атымды атап өтірік ант етушілердің үйлеріне жіберемін. Ол солардың үйлерінің ішіне қонып, үйдің тастары мен бөренелерін тып-типыл қылып құртады.
Выбор основного перевода