Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сәлде бәтестен, ұзын көйлек бедерлі бәтестен тігіліп, жалпақ белбеу кестеленіп тоқылсын. Қадір-құрмет пен сән-салтанат көрсету үшін Һаронның ұлдарына да ұзын көйлек, белбеу мен бас киімнен дайындат. Осы киімдерді ағаң Һаронға және оның ұлдарына кигізіп, оларға май жағу рәсімін орында. Діни қызметкерлерім болу үшін оларды Маған бағыштап, тағайында. Һарон мен оның ұлдары киелі орында қызмет ету үшін кездесу шатырына кіріп не құрбандық үстеліне жақындап барған сайын осындай киімдерді киіп жүруге тиіс. Олай етпесе, олар кінәлі болып, өлім құшады.Бұл — Һаронға және оның келер ұрпақтарына арналған тұрақты ереже. шамдарымен, қосымша құрал-саймандарымен саф алтын шам қойғыш және жағуға қажетті май; хош иісті заттар түтетілетін алтын үстел, жағу рәсіміне арналған май, түтетілетін хош иісті заттар; шатырдың кіреберісіндегі шымылдық; әрі жемсауы мен қауырсындарын құрбандық үстелінің шығыс жағына, күл төгілген жерге лақтырып тастасын. Һарон бедерлі бәтестен тігілген арнайы ұзын көйлегін және тәнін жабатын бәтес шалбарын киіп алсын. Содан соң ол бәтестен тоқылған жалпақ белбеумен белін буып, басына бәтес сәлдесін орап алсын. Бұлар (Өзіме киелі орында қызмет көрсеткенде ғана киіп жүруге болатын) киелі киімдер. Һарон оларды киместен бұрын денесін сумен жуып тазарсын. Менің киелі рәсімдерімді қорғауға байланысты міндеттеріңді мұқият орындаудың орнына, киелі үйдегі қорғау қызметтеріңді соған еш қатысы жоқ жат жұрттықтарға істетіп қойдыңдар.
Выбор основного перевода