Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Һарон мен оның ұлдары астық тартуының қалған бөлігін ашымаған нан ретінде кездесу шатырының ауласындағы киелі орында жеулері керек. «Күнәнің құнын өтейтін құрбандықты неге киелі орында жемедіңдер? Осы құрбандық ерекше киелі. Ол қауымның күнәларын арқалап, Жаратқан Иенің алдында халықты күнәнің арамдығынан тазарту үшін сендерге берілген еді ғой. Оның қаны киелі шатырдың ішіне апарылмады. Сондықтан сендер менің бұйырғанымдай оның етін қасиетті орында жеуге тиісті едіңдер». (Маған бағышталған) тартулардың отқа өртелмейтін бөлігі сендердің үлестерің болады. Ол не астық тартуы, не күнәнің құнын өтейтін құрбандық, не айыпты өтеу құрбандығы болсын, халықтың Маған бағыштаған ерекше киелі тартуларының осы бөліктері сенің өзіңе және ұрпақтарыңа тиісті. Оларды киелі орында жеңдер. Сендердің еркек кіндіктілерің сол бөліктерді жей алады. Оларға Өзіме бағышталған киелі деп қараңдар. Ол ғибадатхананың ішкі ауласына қызмет атқаруға баратын күні өзі үшін күнәнің құнын өтейтін құрбандық ұсынуға тиіс, — деп бұйырады Жаратушы Тәңір Ие. Діни қызметкерлердің мұралық жері жөніндегі ереже мынау: олардың мұралық үлесі Менмін. Оларға Исраилден ешқандай меншікті жер аймағы үлестірілмесін, себебі олардың үлесі Өзіммін. Діни қызметкерлер халықтың ғибадатханаға алып келген сый-тартуларынан өздеріне тиісті бөліктерін алып, күндерін көретін болады: астық тартуларының, күнәнің құнын және айыпты өтейтін құрбандықтардың белгілі бөліктері оларға тиесілі. Сонымен қатар Исраилде Жаратқан Иеге бағышталған нәрселердің бәрі олардікі болмақ.
Выбор основного перевода