Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жеті күн бойы құрбандық үстелін осылайша күнәнің арамдығынан тазартып, оны Тәңір Иеге арна. Сонда құрбандық үстелі Тәңір Иеге түгелдей бағышталып, ерекше киелі болады. Үстелдің үстіне қойылған не оған жанасқандардың бәрі де Тәңір Иеге бағышталып, Оның меншігіне айналады. Солай етіп осы аталғандарды Маған түгелдей бағышта, олар ерекше киелі болады. Соларға жанасқан әр нәрсе және әрбір адам да Маған бағышталып, меншігіме айналады. Құрбандықтың етіне жанасқан әр нәрсе Жаратқан Иеге бағышталып киелі болады. Егер құрбандықтың қаны киімге тамса, сол киімді киелі орында жуу керек. Құрбандықтың еті пісірілген ыдыс қыштан жасалған болса, сол ыдысты сындырып тастау керек, ал қоладан жасалған болса, оны ысқылап тазалап, сумен жуып-шаю керек. Тек діни қызметкердің отбасындағы барлық ер адамдардың ғана сол құрбандықтың етін жеулеріне болады. Ол Жаратқан Иеге бағышталған ерекше киелі. Оларды киелі орында жеңдер. Сендердің еркек кіндіктілерің сол бөліктерді жей алады. Оларға Өзіме бағышталған киелі деп қараңдар.
Выбор основного перевода