Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
халықты аяусыз құлдыққа салды. Оларды саз балшықтан илеп кірпіш құйып, үй салудың және егіндіктің кез келген ауыр жұмыстарына жекті де, қаталдықпен әр түрлі қара жұмыстарға мәжбүрлеп, өмірлерін аса қиындатты. Саңырауды қарғама, соқырдың алдына сүріндіретін бөгет тастама. Құдайыңды терең қастерлейтініңді осылай көрсет. Мен Жаратқан Иемін. Оларды өмір бойы құл етіп, өзіңнен кейінгі бала-шағаңа мұра етіп қалдыруларыңа да болады. Бірақ бауырлас исраилдіктерге аяусыз, қатал билік жүргізбеңдер! Жат жұрттық қожайыны ондай адамға қызмет еткен жылдарының бәрінде жалшыға қарағандай қарасын. Оның сендердің көз алдарыңда исраилдік қызметшісіне аяусыз, қатал билік жүргізуіне жол бермеңдер! Ал сендер, қожайындар, қызметшілеріңе осылай қарап, қатаңдықты жұмсартыңдар! Көкте олардың да, өздеріңнің де Қожайындарыңның бар екенін білесіңдер. Ол ешкімнің бет-жүзіне қарамайды. Қожайындар, қызметшілеріңді тиісті нәрселермен қамтамасыз етіп, әділ болыңдар! Өйткені көкте сендердің де Қожайындарыңның бар екенін білесіңдер.
Выбор основного перевода