Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осындай Мереке жылында әрқайсыларың, ата-бабаларыңнан қалған мұралық жерлеріңе қайтып келіп оны иемденіңдер. Ал егер ол жерін қайтарып алуға қаражат таба алмаса, сатып жіберген жері жаңа иесінің қарамағында келесі Мереке жылына дейін қала береді. Сол жыл жеткенде, сатылған жердің бұрынғы иесі оған қайтып келіп иемденеді. Егер исраилдік басыбайлы қызметші осы жолмен құнын төлеу арқылы азат етілмесе, Мереке жылында оның өзі де, бала-шағасы да бас бостандығына ие болады. Келесі Мереке жылы келгенде егістік оны сатып жіберген бастапқы иесіне қайтарылады. Мереке жылы келген кезде де сол қыздардың мұралық жері бізге қайтарылмай, қыздың күйеуге тиген руының жер үлесіне қосылып, біздің руымыздың мұралық меншігінен шығып қалады.
Выбор основного перевода