Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Менің барлық ережелерім мен шешімдерімді сақтап орындаңдар. Мен Жаратқан Иемін. Мен мезгілінде жаңбыр жаудырамын, сонда жер өнімін, ағаштар жемісін береді. Молынан орған астықты жүзім жинайтын мерзімге дейін бастырып, ағыл-тегіл піскен жүзімді егіс науқанына дейін жинайтын боласыңдар. Осылай сендер тамақты тоя ішіп-жеп, елдеріңде аман-есен тұратын боласыңдар. Сол кезде саған қайтадан тіл бітіп, онымен сөйлесесің. Бұдан кейін үн-түнсіз қалмайсың, сөйлей алатын боласың. Сонымен сенің басыңнан өткен бұл жайттар халыққа (болашақ оқиғаларды алдын ала білдіретін) ескерту болмақ. Осылай олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады».
Выбор основного перевода