Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
былай деді:«Жаратқан Ие келген еді Синайдан,Үстімізге көтеріліп Сейір тауынан,Әрі шұғыласын шашып Паран тауынан.Сан мыңдаған Өзіне бағышталғандарменКелді оңтүстіктен, тау етектерінен. Сол заматта жер дірілдеп сілкінді,Аспанның негізі шайқалып дірілдеді,Өйткені Құдай қаһарына мінген еді. Сол заматта жер дірілдеп сілкінді,Таулардың негізі шайқалып дірілдеді,Өйткені Құдай қаһарына мінген еді. Жалғыз жандарға жанұя сыйлайды,Тұтқынды босатып, шаттыққа бөлейді,Ал қыңырды қапырық шөлге тастайды. О, Құдай, халқыңды Мысырдан бастап шыққанда,Айдалада оны ертіп жүріп отырғаныңда, Жер сілкініп, аспаннан жаңбыр қатты құйылды,Уа, Құдай, көз алдыңда Синай тауында,Исраил сиынған Өзіңнің алдыңда. Бұлттар сонда жерге нөсер жаудырды,Аспанда күн күркіреп жаңғырды,Найзағай жебедей ұшып жарқылдады. Таулар Оның алдында сілкініп, төбелер балқып кетеді. Жер беті, бүкіл әлем және онда тұратындардың барлығы Оның алдында дірілдейді.
Выбор основного перевода