Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Ал осы екі арада қолбасшы Сисара кендік Хебердің әйелі Жаилдың шатырына жаяу қашып барған еді. Себебі Хасор патшасы Ябин мен кендік Хебердің әулеті өзара тату болатын. Сисара одан:— Маған ішетін су берші, шөлдеп тұрмын, — деп сұрады. Әйел сүт құйылған торсықтың аузын ашып, оған сүт берді. Содан кейін Сисараны қайтадан көрпесімен қымтап жапты. Сисара оған:— Шатырдың кіреберісінде тұр. Егер біреу келіп, іште кісінің бар-жоғын сұраса, «жоқ» де! — деп бұйырды. Содан әбден шаршаған Сисара қатты ұйықтап кетті. Ал Хебердің әйелі Жаил шатырдың бір қазығын және балғаны қолына алып, Сисараға білдіртпей жақындап барды да, оның басын самайынан қазықпен қағып, жерге қадап тастады. Сисара осылайша өлді. қатты дауыстап былай деді:— Құдай әйелдердің арасында сені жарылқаған, құрсағыңдағы Нәрестені де жарылқаған!
Выбор основного перевода