Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Келісім сандығы көшпен бірге жолға шыққан сайын Мұса былай деп сиынатын:— Уа, Ием, көтерілші, жауларың шашырасын,Өзіңді жек көретіндер алдыңнан қашсын! Осылайша елде қырық жыл бойы тыныштық орнады. Содан соң Кеназ ұлы Отниел көз жұмып дүние салды. «Үндері» жайылады бар жер бетіне,«Сөздері» жердің шетіне таралады.Құдай күнді аспанда орналастырған. Күйеу жігіттей бөлмесінен шыққанКүннің жүзі де қуана нұрланады,Ол жүйріктей жарысуға құлшынады. Құдай көтеріліп, жауларын шашыратсын,Оны жек көретіндер алдынан қашсын. Түтіннің желмен ыдырайтыны сияқты,Уа, Құдайым, жауларыңды ыдыратшы,Балауыздың отқа еритіні іспетті,Зұлымдарды алдыңнан құртып жіберші. Сен ежелде Мадиян тайпасына,Сисара мен Ябинге Қишон аңғарындаІстегеніңдей істеші жауларымызға! Сол байырғылар Ендорда талқандалды,Төгілген қи-қоқыстай жерге тапталды. О, Жаратқан, жауларың Сенің,Иә, бар жауларың да сөзсіз құриды,Сол зұлымдық жасайтындар шашырайды. Жер қойнында жатқан сансыз көп өлгендер қайта тіріледі. Олардың бірқатары мәңгілік өмірге ие болады, ал қалғандары мәңгілік ұят-масқараға қалады. Ал әділдер көктегі Әкелерінің Патшалығында күн сәулесіндей жарқырайтын болады. Құлағы барлар жақсылап тыңдап алсын!»
Выбор основного перевода