Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Солтүстіктегі Хасор қаласының патшасы Ябин оңтүстік қалаларының күйрегендері туралы естігенде, мына патшалар мен халықтарға жедел хабар жіберді: Мадонның патшасы Жобабқа, Шимрон мен Ахшаптың патшаларына, әрі солтүстіктегі таулы аймақта, Кінерет көлінің оңтүстігіндегі Иорданның алқабында, батыстағы төменгі қыраттарда және батыс жақтағы таулы Дорда билік құрған патшаларға, Ал Исашар мен Ашир руларының ішіндегі Бет-Шан, Ибелам, Дор, Ендор, Тағанах, Мегидо қалаларының тұрғындары және айналаларындағы елді мекендер Манаса руына жатуға тиіс. Осындағы Дор қаласының Нафот деген қосымша аты бар. Бірақ Манаса руы Бет-Шан, Тағанах, Дор, Ибелам, Мегидо қалалары мен оларға қарасты елді мекендердің тұрғындарын қуып шығармай, қанахандықтар сол аймақта тұра беруге бел байлады. Жосия патшалық құрған кезде бірде Мысыр патшасы Нехо перғауын Ассур патшасын қолдау үшін Евфрат өзеніне қарай аттанды. Сонда Жосия патша перғауынға қарсы шықты. Бірақ ол перғауынның әскерімен Мегидо қаласының маңында болған шайқаста оқтан қаза тапты. Жоғастың қызметкерлері оның мәйітін күймемен Мегидодан Иерусалимге алып келіп, өзінің қабіріне қойды. Яһуда елінің халқы Жосияның ұлы Жоғахазды май жағу рәсімінен өткізіп әкесінің орнына патша етіп тағайындады.
Выбор основного перевода