Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Манаса ұлы Махырдың әулеті Ғилақадқа аттанып, оны иемденіп, сонда тұрып жатқан аморлықтарды қуып жіберді. Сондықтан Мұса Ғилақад аймағын Манаса ұлы Махырдың әулетіне табыстап, олар сонда қоныстанып алды. Ал енді, Жүсіптің тұңғышы Манасадан тараған рудың жартысына үлестірілген жер мынау: Махыр әулеті батыл жауынгерлер болғандықтан, оларға (Иорданның шығыс жағындағы) Ғилақад пен Башан аймақтары иемденуге берілген еді. Еглон аммондықтар мен амалектіктерді қасына жинап аттанып, Исраилге шабуыл жасады да, «Құрма ағаштарының қаласы» Иерихонды басып алды. Сол жерге жете салысымен Ехуд Ефремнің таулы аймағында дабыл беріп керней тартты. Сонда исраилдік ер адамдар оған еріп қыраттардан төмен түсті, ал Ехуд оларды бастап жүрді. Абыдон би қайтыс болғанда, мәйіті Ефрем руының аймағындағы Пиратонда, Амалек төбесіндегі қабірге қойылды.
Выбор основного перевода