Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Құдай мені езіп тастаса ғой! Қолына ерік беріп, мені құртса ғой! Сонда әлі де мынадан жұбаныш тауып, риза болар едім: Қатты ауырып жатсам да, Киелі Құдайдың сөздерінен еш бас тартқан емеспін! Ал енді, менің үміттене күтетіндей күшім, әлде өміріме төзетіндей мақсатым бар ма? Менде тастай қатты күш те, қоладай қатты дене де жоқ! Рас, көмектесерлік еш қуатым жоқ, жетістік атаулы да менен алшақтап кетті. Өмірден күдері үзілген адамға досы мейірім көрсетуі керек. Ал сендер (мені айыптап) құдіреті шексіз Тәңірді қастерлемейсіңдер. Сөйтіп сендер де, уа, бауырларым, маусымдық өзендер секілді сенімсіз болып шықтыңдар. Көктемде сол өзендер еріп жатқан қар мен мұзға толып, лайланып, асып-тасып, арналарынан шығады. Бірақ қуаңшылық басталғанда, олардың суы азайып, ыстық кезде мүлдем тартылып қалады. Сонда керуендер өз бағытынан бұрылып, сол өзендерді іздейді, бірақ шөлде лағып, құриды. Темалық керуендер суды аңсап іздейді, Сәбаның саудагерлері де одан үміттенеді. Су бар деп сеніп келген олар оны таппай абдырайды. (Уа, жолдастарым,) мен үшін қазір сендер де сондай өзендер іспетті жарамсыз болып қалдыңдар! Қорқынышты азабымды көріп, зәрелерің ұшып кетті. Ал сендерге: «Маған сый беріңдер» деп пе едім? Яки: «Өз байлықтарыңнан мен үшін төлем төлеңдер», Құдай яһуди және басқа ұлт адамдарының бәрін де Иса Мәсіхке деген сенімдері арқылы ақтайды. Себебі бұл жерде ешқандай айырмашылық жоқ: Бірақ олар Құдайдың рақымымен Мәсіхтің бұлардың төлемдерін төлеп, құтқарғанының арқасында тегін ақтала алады. Бұдан көп бұрын, Нұх пайғамбар кемесін жасап жатқан кезде, Құдай теріс жолдан қайтуларын сабырлықпен күткен еді. Бірақ олар Тәңір Иеге мойынсұнған жоқ. Тек азғана — сегіз-ақ кісі кемеге кіріп, топан судан құтқарылды. Тәңір Ие ежелгі дүниені де аямай, арсыз зұлымдардың әлеміне топан су жіберді. Жалғыз құтқарғаны әділдікті уағыздаушы Нұх пайғамбар мен оның отбасы, барлығы сегіз-ақ адам, болды.
Выбор основного перевода