Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Содан ол соларға қатты соққы беріп, көбін қырып тастады.Мұнан кейін Самсон Етам атты жартасқа ылдилап барып, ондағы бір үңгірді паналап тұрды. Сонда Самсон Жаратқан Иеге іштей сиынып: «Уа, Жаратушы Тәңір Ие, мені қайтадан ескере гөр! О, Құдай, маған осы бір жолға құдіретіңді дарыта көрші! Філістірлерден екі көзім үшін кегімді бір-ақ қайтаруға мүмкіндік бере көрші», — деп мінажат етті. Ишая бұдан кейін патшаның қызметкерлеріне: «Інжір жемістерінен шелпек алып келіңдер!» — деп тапсырды. Олар соны шиқанның үстіне қойғаннан кейін патша айығып кетті. Ал сол үш жігіт Шадырақ, Мисақ, Әбдінего байланған күйлері лаулап жанып тұрған пештің ішіне құлап түсті. Бұған қарап тұрған Набуходоносор патша кенет таңғалып, орнынан ұшып тұрып, қасындағы кеңесшілерінен:— Біз байлатып, отқа лақтыртқан адам үшеу емес пе еді? — деп сұрады.— Дәл солай, уа, патша ағзам! — деп жауап қатты олар. Сонда патша:— Қараңдар, мен от ішінде емін-еркін, аман-сау жүрген төрт адамды көріп тұрмын! Ал төртіншісі тәңірдің баласы іспетті екен! — деп айқайлап жіберді.
Выбор основного перевода