Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Ілияс былай деп жауап берді:— Уа, Жаратқан Ие, Әлемді Билеуші Құдай! Мен Саған бар ынтаммен қызмет етуге құлшындым. Өйткені Исраил халқы Өзіңмен жасасқан Келісімнен бас тартқан. Олар Саған арналған құрбандық үстелдерін қиратып, Сенің пайғамбарларыңды семсермен өлтірді. Жалғыз өзім ғана қалдым, олар енді менің жанымды да алмақшы. — Олар:— Ол үстіне жүн шапан киіп, қайыс белбеумен белін буып жүреді, — деді. Сонда Охозиях:— Бұл — тішбелік Ілияс! — деп, Бірақ басшылар Зәкәрияға қарсы сөз байласып, оны патшаның әмірімен Жаратқан Иенің киелі үйінің ауласында тас лақтырып өлтірді. Алайда жүзімшілер қызметшілерді ұстап алады: біреуін ұрып-соғып, өзгесін өлтіріп, тағы біреуін таспен атқылайды. Ата-бабаларыңыз пайғамбарлардың қайсысын қудаламап еді! Олар Құдайдың әділ Қызметшісінің келуін алдын ала жариялаған хабаршыларын өлтірді. Сіздер енді Соның Өзін ұстап берген сатқын, өлтірген қанішер болдыңыздар! Оны қаладан қуып шығып, тас лақтыра бастады. Куәгерлер шапандарын шешіп, Саул есімді жас жігіттің алдына жинап қойды. Бауырластарым менің, азап шегіп, төзе білуде Жаратқан Иенің атынан сөйлеген пайғамбарлардан үлгі алыңдар.
Выбор основного перевода