Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Содан оны сыртқа алып шығып: — Аспанға қарап жұлдыздарды санашы! Сен оларды санай алар ма екенсің? Сенің үрім-бұтағың да осындай сансыз көп болады! — деп уәде берді. Ыбырам Жаратқан Иеге сенді, сондықтан Жаратқан Ие оны Өзінің алдында ақтады. Қызметшілерің Ыбырайым, Ысқақ, Исраилді есіңе түсіре гөр. Оларға: «Сендердің ұрпақтарыңды аспандағы жұлдыздардай сансыз көбейтіп, Өзім беруге уәде еткен осы жерді сыйлаймын, олар соны мәңгі иемденетін болады» деп өз атыңмен ант берген едің ғой. Өз Құдайларың Жаратқан Ие сендерді молынан көбейтіп, қазір аспандағы жұлдыздардай сансыз көп болып кеттіңдер. Түп ата-аналарың Ыбырайым мен Сараны естеріңе түсіріңдерші. Мен Ыбырайымды балалы болмай тұрып-ақ тағайындап алдым. Оны жарылқап, кереметпен үрім-бұтақты еттім».
Выбор основного перевода