Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұдан кейін Мұса мен Һарон перғауынның алдына барып, оған былай деді:— Исраилдің сиынған Құдайы — Жаратқан Ие мынаны айтады: «Менің халқымды жібер! Олар айдалаға барып, Маған арнап мейрам өткізсін». — — Барып, Мысыр патшасы перғауынға: «Еліңнен исраилдіктерді жібер!» де. — Перғауынға былай де: «Исраилдіктердің Құдайы Жаратқан Ие маған сізге келіп, мынаны айтуды тапсырды: Айдалада Өзіме ғибадат ету үшін халқымды жібер! Сен осы уақытқа дейін Мені тыңдамай келдің. Сонда Мысыр жеріндегі әрбір тұңғыш бала, тақта отырған перғауынның тұңғышынан бастап, қол диірменді айналдырып отырған күңнің тұңғышына дейін, сондай-ақ мал атаулының алғашқы төлдері де өлетін болады. Сол күні түн ортасында Жаратқан Ие Мысырдағы барлық тұңғыштарды — тақта отырған перғауынның тұңғышынан бастап, түрмеде жатқан тұтқынның тұңғыш ұлына дейін және мал атаулының тұңғыш төлдерін де өлтірді.
Выбор основного перевода