Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие оған:— Қолыңдағың не? — деді.— Таяғым. — Жаратқан Ие: Мына таяқ қолыңда жүрсін, сонымен Мен тапсырған құдіретті істерді көрсетпексің. Мұса әйелі Сипораны қайын жұртына қайтарып жіберген кезде Етор қызын екі ұлымен жылы қабылдаған болатын. Тұңғыш ұлын Мұса Гершом (яғни «Сол жерде кірме») деп атап, «Мен жат жерде кірме болдым», — деген еді. Екіншісінің атын — Елиезер («Қолдаушым — Құдай») деп атап, «Әкемнің сиынған Құдайы Қолдаушым болып, мені перғауынның семсерінен қорғап қалды», — деп бекіткен еді. «Әлгі таяқты қолыңа алып, ағаң Һарон екеуің бүкіл қауымды жинаңдар. Олардың көз алдында мына жартасқа бұйыра сөйлеңдер! Сонда ол сендерге ішінен суын ағызады. Осылайша сен жартастан су ағызып шығарып, халықтың да, малының да шөлін қандыратын боласың». Мұса Жаратқан Иенің нұсқауы бойынша Оның алдында сақтаулы тұрған таяқты қолына алды.
Выбор основного перевода