Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Алайда Мен перғауынның жүрегін қасарыстырып қоямын. Мен Мысыр елінде көптеген ғажап істер мен кереметтерім арқылы Өзімнің кім екенімді дәлелдесем де, Сонда да перғауынның жүрегі қасарысып, Мұса мен Һаронның айтқандарына мойынсұнбай қойды. Осылай болатынын Жаратқан Ие алдын ала білдірген еді. Алайда Жаратқан Ие перғауынның жүрегін қасарыстырып, ол Мұса мен Һаронның айтқандарына құлақ аспай қойды. Осылай болатынын Жаратқан Ие алдын ала айтқан да еді. Осылай перғауын қайтадан қырсығып, Исраил халқын жібермей қойды. Солай болатынын Жаратқан Ие Мұса арқылы алдын ала айтқан да еді. Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды:— Перғауынға қайтадан бар! Мен перғауынның және нөкерлерінің жүректерін қасарыстырып қойдым. Мұндағы мақсатым: олардың араларында осы керемет істерім арқылы өз құдіретімді көрсетуім Алайда Жаратқан Ие перғауынның жүрегін қасарыстырып, ол Исраил халқын жібермей қойды. Мұса мен Һарон перғауынның алдында осы кереметтерді көрсетті. Алайда Жаратқан Ие перғауынның жүрегін қасарыстырып, ол Исраил халқын елінен жібермей қойды. Ал Жаратқан Ие Мұсаға:— Қолыңды созып, оны құйрығынан ұстап ал! — деп бұйырды. Мұса жыланды ұстап алғанда, ол қолында қайтадан таяққа айналды. — Егер исраилдіктер саған да, көрсеткен алғашқы құдіретті ісіңе де сенбесе, онда осы екіншісі олардың көздерін жеткізбек. Бірақ Хешебон патшасы Сихон бізге өз жері арқылы жүріп өтуге рұқсат бермеді. Себебі Құдай Иеміз оның ой-санасы мен жүрегін қасарыстырып қойды. Ондағы мақсаты Сихонды сендердің қолдарыңа түсіру еді. Бұл солай болды да. өйткені Жаратқан Иенің Өзі жүректерін қасарыстырып қойғандықтан, олар Исраилге қарсы соғысқа шықты. Олар Жаратқан Иенің қарғысына ұшыраған соң, Оның Мұсаға бұйырғанына сай ешқандай аяусыз қырылып-жойылуға тиіс болды. Уа, Жаратқан Ие, бізге неліктенЖолыңнан тайып кетуге жол бердің?Неге жүрегіміздің қасарысып,Өзіңді сыйламауына жол бердің?Қайтып келе гөр қызметшілеріңнің,Меншікті руларыңның, мүддесі үшін! Ол көздерін соқыр, жүректерін қасарысқан сезімсіз қылған. Сол себептен көздері көрмейді, жүректері түсінбейді, өздері теріс жолдарынан қайтпайды. Әйтпесе оларды рухани дертінен сауықтырар едім. Тауратта Өзіне қарсы шыққан Мысыр патшасы перғауынға Құдайдың былай дегені де жазылған: «Саған (істейтінім арқылы) құдіретімді көрсетіп, бүкіл жер жүзіне атымды шығару үшін ғана сені патша етіп қойдым». Сонымен, Құдай Өзі қалағандарына рақымын төгіп, ал жаратпағандарын қасарыстырып қояды.
Выбор основного перевода