Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Маған Жаратушы Тәңір Иенің Өзі тәлім беріп, қажығандарды жігерлендіру үшін не айту керегін аузыма салып отыр. Күн сайын ертеңгісін Ол мені оятып, айтқандарына шәкірттей құлақ салғызады. Бұдан соң Жаратқан Ие қолын созып, аузыма тигізді де: — Міне, сенің аузыңа сөздерімді салып беріп отырмын. Адамдар сендерді ұстап бергенде, қалай және не айтатындарыңды ойлап уайымдамаңдар! Айтатын сөздерің сол сәтте ауыздарыңа салынады. Адамдар сендерді сотқа апарып, ұстап бергенде, не айтатындарыңды ойлап уайымдамаңдар! Сол сәтте ауыздарыңа салынған сөздерді айтыңдар! Осылай өздерің емес, сендер арқылы Киелі Рух сөйлейтін болады. Адамдар сендерді мәжілісханаларға, ел басшыларына және басқа да билік иелеріне апарған кезде қалай жауап беріп, не айтатындарыңды ойлап уайымға салынбаңдар! Не айту керек екенін сендерге сол сәтте-ақ Киелі Рух үйретеді». Ал енді, қалай жауап береміз деп алдын ала ойламаймыз деген берік шешім қабылдаңдар! Себебі Мен сендерге жауларың қарсы сөйлеп, дәлел келтіре алмайтындай шешендік пен даналық дарытатын боламын.
Выбор основного перевода